Атырау, 13 қаңтар 04:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 509.84
€ 595.75
₽ 6.47

ІІД: Алматыда трамвайдың қатысуымен болған ЖКО бойынша тергеу жүргізілуде

2 177 рет қаралды

Жол апаты 13 қазанда кешкі 8 шамасында орын алған. Мақатаев көшесімен батысқа бағыт алған №6 маршрутты жеңіл рельсті көлік Сейфуллин көшесімен қиылыста 11 көлікті соғып кеткен. Жүйткіген күйі тоқтамаған темір вагон Байтұрсынов көшесімен қиылыста тағы 3 көлікті жайпап кетті.

АСТАНА, 14 қаз — Қазақстан жаңалықтары АА. Алматыда трамвай 14 көлікпен соқтығысты. Аталған дерек бойынша полиция тергеу амалдарын бастады. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Жол апаты 13 қазанда кешкі 8 шамасында орын алған. Мақатаев көшесімен батысқа бағыт алған №6 маршрутты жеңіл рельсті көлік Сейфуллин көшесімен қиылыста 11 көлікті соғып кеткен. Жүйткіген күйі тоқтамаған темір вагон Байтұрсынов көшесімен қиылыста тағы 3 көлікті жайпап кетті.

"Бұл дерек ҚР ҚК 345-бабы бойынша бірыңғай сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды",-делінген хабарламада.

Дереккөз: newskaz.kz

14 қазан 2015, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.