Астана. 14 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ғарышкер Айдын Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағын берді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Космонавтиканы дамытуға сіңірген еңбегі, «Союз ТМА-16М» ғарыш кемесінде ұшу бағдарламасын табысты орындағаны үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағы берілсін», - делінген Ақорда сайтында жарияланған жарлықта.
Осы Жарлыққа 14 қазанда қол қойылған және ол қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін хабарланғандай, 2 қыркүйек күні экипаж құрамында қазақстандық ғарышкер А.Айымбетов бар «Союз ТМА-18М» басқарылатын ғарыш кемесі Қарағанды облысында Жезқазған маңына қонды.
«Экипажы бар «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) 2 қыркүйек күні Астана уақытымен 10.37-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылды. Ғарыш кемесі ХҒС-на құрамында ресейлік Сергей Волков, қазақстандық А.Аимбетов, даттық Андреас Могенсен бар ххалықаралық экипажды жеткізді.
4 қыркүйекте сағат 13.39-да басқарылатын ғарыш кемесі ХҒС-мен сәтті түйісті.
«Эридана» экипажы ғарышта 12 тәулік болды, экипаж командирі С.Волков стансада жартыжылдық жұмысы үшін қалды, ал А.Айымбетов пен А.Могенсен Геннадий Падалкомен бірге жерге оралды. Геннадий Падалко өзінің жартыжылдық ғарыштық миссиясын аяқтады.
Дереккөз: ҚазТАГ