Атырау, 28 қараша 03:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

ҚР жазаны шетелде өтеу туралы америкааралық конвенцияны ратификациялады

1 694 просмотра

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қылмыстық жазаны шетелде өтеу туралы америкааралық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

АСТАНА, 13 қаз — Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қылмыстық жазаны шетелде өтеу туралы америкааралық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қылмыстық жазаны өтеу туралы америкааралық конвенция 1993 жылдың 9 маусымында Манагуада қабылданған. Конвенцияға 19 мемлекет мүше болып табылады, соның ішінде бұған Америка құрылығының Бразилия, Канада, Мексика, АҚШ секілді 16 елі қосылған, ал қалған үшеуі Сауд Арабиясы, Чехия мен Үндістан секілді Америка құрлығына жатпайтын мемлекеттер. Солардың арасына конвенцияға қосылатын тұңғыш Орталық Азия мемлекеті ретінде Қазақстан да енгелі отыр. Осылайша, Қазақстан бір конвенцияны қабылдау арқылы бір мезгілде 19 елмен қарым-қатынас орната алады деген сөз.

Конвенцияға сәйкес, бір қатысушы мемлекетте екінші қатысушы мемлекеттің азаматына қатысты шығарылған үкімді сотталған адам өзі азаматы болып табылатын мемлекетте өтей алатын мүмкіндіктер қарастырылады. Бұл ретте сотталған адамды бір мемлекеттен екінші мемлекетке беру үкім шығарған мемлекеттің сұрау салуы, қабылдаушы мемлекеттің сұрау салуы немесе сотталған азаматтың өзінің сұрау салуы негізінде жүргізіледі. Ол үшін сотталғандарды беру туралы сұрау салуды орталық органдар қарауға тиіс немесе ондай органдар болмаған кезде консулдық, дипломатиялық арналар арқылы қаралуға тиіс.

Дереккөз: newskaz.kz

13 қазан 2015, 17:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.