Қазақстандықтарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіндегі өзгерістер туралы ақпарат порталдардындағы вирустық жарнама шындыққа сай келмейді.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Google.com әлемдік ғаламтор іздеу жүйесі арқылы кейбір ақпарат порталдарында қазақстандықтардың зейнеткерлік жасын ұлғайту мен оның күшін жою туралы вирустық жарнама түріндегі жарияланып тұратын баннерде шындыққа жанаспайтын ақпарат бар. Мәлімет дереккөзі Ресей Федерациясында тіркелген www.zihipol.ru жарнама сайты болып табылады.
Бұл сайт интернет трафигін ұлғайту мақсатындағы автоматтандырылған, бақыланбайтын уақытша жарнама алаңы. Оның жасалған уақыты 2014 жылдың 26 қазаны, 2015 жылдың 26 қазанында сайт өздігінен жойылады деген ақпарат бар. Аталған сайтта жарық көрген ақпаратта ешбір дереккөзге сілтеме жасалмағанын ескере отырып, хабарламаның шындыққа жанаспайтындығы анықталды. Бұл тұрғыда ҚР ДСӘДМ Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қажетті шараларды қолдану бойынша хат жолдады.
Дереккөз: 24.kz