Атырау, 28 қараша 03:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ватикан Қазақстанға Орта Азияның XVII-XVIII ғасырлардағы картасының көшірмесін табыстады

1 242 просмотра

Ватикан Қазақстанға Орта Азияның XVII-XVIII ғасырлардағы картасының көшірмесін табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

8 қазанда Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында Ватиканда "Қазіргі заманғы этникааралық және конфессияаралық келісім" атты ғылыми-тәжірибелік конференция мен фотокөрме өтті. Іс-шараға ғылым өкілдері, Ватикандағы елшілік корпустың жетекшілері қатысты.

Ватикандағы Қазақстан елшісі Мұхтар Тілеуберді конференцияға қатысушылар алдында сөз сөйледі. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Жұматай Әлиев Қазақстан халықы ассамблеясының негізгі мақсаттары мен міндеттерін айтып өтті. Ол Ассамблеяның құрылу тарихын айта отырып, оны құруда, қолдауда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен роль атқарғанына тоқталды.

Рим папасы кеңесінің дінаралық қатынас жөніндегі хатшысы Қазақстандағы дінаралық ынтымақтастық пен әлеуметтік тұрақтылыққа назар аударды. Сонымен қатар, ол Ватиканның Қазақстан Президентіне үлкен қолдау білдіретінін айтты.

Конференция соңында Орта Азияның XVII-XVIII ғасырлардағы картасының көшірмесі ресми түрде табысталды.

Дереккөз: tengrinews.kz

12 қазан 2015, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.