Атырау, 28 қараша 03:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Франция Әблязовті Ресейге экстрадициялауға келіскен

2 246 просмотра

Image 0Фото: time.kzФранция қазақстандық "БТА банкінің" бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовті Ресейге экстрадициялауға келісті деп хабарлады Әблязовтың адвокатына сілтеме жасаған халықаралық агенттік.

Адвокатының айтуынша, Әблязовті экстрадициялау туралы бұйрыққа Франция премьер-министрі Мануэль Вальс 17 қыркүйекте қол қойған. Экстрадициялау туралы шешім өткен аптада Әблязовтің өзіне табысталған.

Агенттік адвокаты Әблязовтің өзін экстрадициялау туралы бұйрыққа Франция мемлекеттік кеңесіне шағымданатынын айтқан.

2009 жылы ақпанда өзі басқарып келген БТА банк мемлекет меншігіне өткен соң шетелге шығып кеткен Мұхтар Әблязовты кейін Қазақстан билігі «банктен 6 миллиард доллар жымқырды» деп айыптаған. Ал Әблязов Қазақстан билігі өзін президент Нұрсұлтан Назарбаевтың режимін сынағаны үшін саяси астары бар себептермен қудалап отыр деп есептейді. 2013 жылдың жазынан бері Францияда қамауда отырған Мұхтар Әблязовті Лион соты Украина немесе Ресейге экстрадициялауға санкция берген. Оның апелляциялық шағымын Францияның жоғарғы кассациялық соты қанағаттандырмай тастаған. Әблязовты экстрадициялау туралы түпкілікті шешімді Франция үкіметі қабылдауы тиіс болған.

Дереккөз: azattyq.org

12 қазан 2015, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.