Сирияның ісіне өзге мемлекеттердің араласы босқындар дағдарысына әкеліп соқтырды, деді Қазақстан президенті Нзарбаев француздың Figaro газетіне берген сұхбатында.
АСТАНА, 9 қаз — Қазақстан жаңалықтары АА. Сирияның ісіне өзге мемлекеттердің араласы босқындар дағдарысына әкеліп соқтырды, деді Қазақстан президенті Нзарбаев француздың Figaro газетіне берген сұхбатында.
"Сириядағы ахуалға қатысты Мемлекет басшысы босқындарға байланысты бүгінгі дағдарыс осы елдің ісіне өзге мемлекеттердің барлық халықаралық уағдаластықтарға қайшы келе отырып, орынсыз араласуынан туындағанын атап айтты", — деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев осындай әрекеттерді доғару бұл мәселелерді шешуге мүмкіндік береді деген пікір білдірді.
Дереккөз: newskaz.kz