Атырау, 28 қараша 03:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ата-аналар лицейдегі жаппай төбелесті "құрметтеу сабағы" деп атады

1 693 просмотра

Қазақ-түрік лицейінде зардап шеккен балалардың ата-аналары оқу орнында төбелестің әрдайым болмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Қарағандыда қазақ-түрік лицейіндегі жаппай төбелеске байланыста баспасөз мәслихаты өтті. Ата-аналардың БАҚ өкілдерімен жоспарланған кездесуі белгіленген уақыттан шамамен бір сағатқа кешігіп басталды. Ата-аналар кешігудің себебін Білім басқармасының өкілдерімен өткен кездесумен түсіндірді. Зардап шеккен жетінші сынып оқушысының анасы Инга Фадина баласы соққыға жығылған жалғыз ата-ана. Ал қалған ата-аналар оған қолдау көрсету үшін келіпті.

Олар оқушылардың арасындағы жанжалды "құрметтеу сабағы" деп атады, оны жоғары сыныптың оқушылары төменгі сыныптағыларға "оқытқан". "Оқиға жайлы дүйсенбіде бірақ білдім. Маған лицейден біреу қоңырау шалып, ұлым Тимофей бүйрегі ауырғандықтан сабаққа кірісе алмай отыр деп хабарлады. ҚТЛ-ға келіп ол жерге өзге ата-аналардың да жиналғанын көрдім. Ұлымды көріп, ашу үстінде полицияға арыз жаздым. Содан кейін жедел жәрдем шақырдым. Ашуым басылып, жағдайды түсінгеннен кейін асығыстық танытқанымды ұқтым, - дейді Инга Фадина. - Қазір ұлымның жағдайы жақсы. Сабаққа бара бастады. Бірақ әлі бақылауда. Ұлым жанжалдың неден шыққанын айтқан жоқ. Алайда олар ұлдар ғой, араларында мұндай жағдайлардың болуы қалыпты нәрсе. Бұл үлкендері сыйлауды үйрету сабағы сияқты болған", - деді ол.

Сонымен қатар, ол жаппай төбелестің жоғары сынып оқушыларының күш көрсеткен жалғыз оқиғасы екенін мәлімдеді. Қазір мәселе шешіліп, жанжалды шығарған сегізінші сыныптың екі оқушысы лицейден қуылды. Сонымен қатар, олар оқушыларды "стриптиз" билеуге мәжбүрлепті деген ақпаратты жоққа шығарды.

"ҚТЛ-да бопсалау дерегі болмаған. Жоғары лауазымды шенеуніктердің балалары біздің балаларды қорлапты делінген ақпарат та жалған. Бұл оқиғаның БАҚ-та осынша дауға айналып, директордың жұмыстан шығуымен аяқталғаны өте өкінішті. Біз лицейдің көп жылғы еңбегі мен беделіне нұқсан келуін қаламаймыз", - деді ата-аналар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысындағы №1 қазақ-түрік лицейінде жаппай төбелестің болғаны хабарланған еді, оқу орнының басшысы қызметінен кетті. Оқиғаның салдарынан 15 бала зардап шекті. Жанжалдың себептері әлі белгісіз. Зардап шеккен балалардың ата-аналары полицияға арызданды. Олар балаларын ұрып-соққан жоғары сынып оқушылары мен оқиғаға жол берген мұғалімдердің жазалануын талап етті. Оқиғаны жөнге салу қолға алынған. Зардап шеккен өзге балалардың жағдайы әзірше белгісіз.

Дереккөз: tengrinews.kz

9 қазан 2015, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.