Астана мен Киев қазақстандық көмірді Украина электр стансаларына жеткізу туралы келісті, деп хабарлады Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
АСТАНА, 9 қаз — Қазақстан жаңалықтары АА. Астана мен Киев қазақстандық көмірді Украина электр стансаларына жеткізу туралы келісті, деп хабарлады Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
"Украина электрстансаларына қажетті көмірді жеткізу бойынша келісіп, ол үшін қандай марканың қажетті екенін анықтадық", — деді Назарбаев баспасөзге арналған бірлескен мәлімдеме барысында.
Мұнан бөлек, Мемлекет басшысы екі елдің ауыл шаруашылығы техникасы, машина жасау, өңдеу өнеркәсіп, авиация салаларындағы қарым-қатынасты ұлғайтуға пейілді екенін атап өтті.
Дереккөз: newskaz.kz