Атырау, 28 қараша 03:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

БАҚ: Лос-Анджелесте сот Виктор Храпуновқа қатысты арызды қараудан бас тартты

2 784 просмотра

АҚШ-та Лос-Анджелес соты Алматы әкімдігінің бұрынғы әкім Виктор Храпуновқа қатысты 300 мың доллар өндіру туралы арызын қараудан бас тартты.

АСТАНА, 8 қаз — Қазақстан жаңалықтары АА. АҚШ-та Лос-Анджелес соты Алматы әкімдігінің бұрынғы әкім Виктор Храпуновқа қатысты 300 мың доллар өндіру туралы арызын қараудан бас тартты, хабарлайды Courthouse news service. Сот өкілдері сот процесінің Швейцарияда өтуі тиіс екендігін айтты. Еске салайық, Виктор Храпунов қалалық мүлікті сату есебінен жүздеген миллион долларды жымқырды деп айыпталып отыр деп жазады Tengrinews.kz.

Экс-шенеуніктің бұған дейін бұл істі америкалық сотта қараудың мүмкін емес екенін мәлімдегені айтылады. Судья Фернандо Олгайн (Fernando Olguin) бұл позицияны қолдады. "Швейцария — процесс өткізуге дұрыс орын ғана емес, сонымен қатар, осы істің деректері мен жағдайларын негізге алсақ, ақылға қонымды әрі ыңғайлы. Жеке және қоғамдық мүдделер істің сол жақта қаралуына әкеліп отыр. ", — деп мәлімдеді судья.

Еске салайық, Виктор Храпунов пен оның әйелі Ләйлә Храпуноваға қатысты Қазақстанда ұзын саны 24 қылмыстық іс қозғалып, қызмет бабын асыра пайдаланды, алаяқтық жолмен бюджет қаржысын жымқырды, заңсыз жекешелендіру жүргізді, заңсыз кірістерді заңдастырып алды, пара алды, ұйымдасқан қылмыстық топты құрды және оларға жетекшілік етті деген айып тағылған болатын. 2008 жылғы сәуірде ол қазір отбасымен тұрып жатқан Швейцарияға қоныс аударған болатын. Ал 2012 жылы қазанда Виктор Храпуновтың әйелі — Ләйләға ірі көлемді алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған еді.

Дереккөз: newskaz.kz


8 қазан 2015, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.