Атырау, 28 қараша 01:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Теңге бағамын қолдауға 66,6 миллион доллар бөлінді

2 088 просмотра

Қазақстан Ұлттық банкі теңге бағамына кезекті рет қолдау көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7 қазанда Ұлттық банк 66,6 миллион долларға интервенция жүргізді. Өткен айда да бірнеше рет интервенция жүргізілген болатын - 30 қыркүйекте 225 миллион доллар, 29 қыркүйекте - 137,5, 21 қыркүйекте - 213,1, 18 қыркүйекте - 67,2, 17 қыркүйекте - 270 және 16 қыркүйекте 144 миллион доллар.

Теңге бағамына қолдау көрсету туралы шешім 16 қыркүйекте қабылданған болатын. Ол кезде Ұлттық банк нарықта алыпсатарлықтың болып жатқанын хабарлады, сол күні доллардың бағамы 300 теңгеге жетті. Сол кезден бері шетелдік валютаның бағасы 270 теңгеге дейін төмендеді. Бұл бағам әлі күнге сақталып тұр. Сарапшылардың айтуларына қарағанда, Ұлттық банктің ұлттық валюта бағамына қолдау көрсетуге жасап жатқан шараларының арқасында бұл баға әлі ұзақ сақталуы мүмкін.

Айта кетейік, кеше, 7 қазанда Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов бүгінгі жағдайдағы теңгенің бағамын лайықты деп атады. Ал кешегі күнгі кешкі сессияда доллар бағамы 274,44 теңгеге тең болды.

Дереккөз/фото: tengrinews.kz

8 қазан 2015, 11:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.