Атырау, 28 қараша 01:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ұлттық банк 1 млн 700 мың депозит бойынша өтемақы төлейді

2 329 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа қаржылық саясат - теңгенің еркін айналымына байланысты теңгемен ашылған мерзімді депозиттер бойынша өтемақы алуға 230 мың салымшы екінші деңгейлі банктерге өтініш берген. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банктің департамент директоры Александр Терентьев мәлім етті.

"Теңгенің айырбас бағамы өзгерген соң қабылданған бағдарлама аясында Ұлттық банк жалпы сомасы 250 млрд теңге болатын 1 млн 700 мың депозит бойынша өтемақы төлеуді жоспарлап отыр. Депозиттерді қайта рəсімдеу үшін өтініштер қабылдау мерзімі 1 қазаннан 1 желтоқсанға дейін ұзартылды", - деп хабарлады А.Терентьев.

Оның айтуынша, өтемақы алу үшін қойылатын негізгі шарт - мерзімді депозитті арнайы банк есепшотына аударғаннан кейін бір жыл бойы сақталған болуы керек.

"2015 жылдың бірінші қазанындағы жағдайға сенсек, осы уақытқа дейін депозиттерді қайта рәсімдеу үшін салымшылардан 230 мың өтініш қабылданды", - деді Ұлттық банк өкілі.

Дереккөз: inform.kz

7 қазан 2015, 18:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.