Атырау, 28 қараша 01:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

2017 жылдан бастап оқушылардың бірыңғай базалық оқулықтары бекітіледі

1 775 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдан бастап оқушылардың бірыңғай базалық оқулықтары бекітіледі. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында мәлім болды.

Депутат Гүлмира Исімбаеваның айтуынша, заң жобасында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 76-77-78 қадамдарын жүзеге асыру мақсатындағы нақты нормалар қамтылған. Бұдан бөлек, заң жобасында Парламенттік тыңдаулардың, Үкімет сағаттарының қорытындыларына орай ұсыныстар да көрініс тапқан.

«Мәселен, 2017 жылдың 1-қаңтарынан бастап бастауыш сыныптар үшін, 2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап негізгі орта білім беру ұйымдары үшін, 2022 жылғы 1-қаңтардан бастап, жалпы орта білім беру ұйымдары үшін бірыңғай базалық оқулықты айқындау және бекіту уәкілетті органның құзырына беріледі. Сонымен қатар, оқушыларды оқулықтар мен оқу әдістемелік кешенмен қамтамасыз етудің нақты мерзімі белгіленді. Енді олар заңға сәйкес жыл сайын 1-тамызға дейін білім беру ұйымдарына жеткізілуі тиіс», - деді депутат.

Оның айтуынша, заң жобасында педагогтарды жұмысқа қабылдаудың талаптары да нақтыланған. Мәселен, денсаулығында кінәрат бар, психиатриялық немесе наркологиялық есепте тұратын адамдар педагог бола алмайды.

Дереккөз: inform.kz

7 қазан 2015, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.