Атырау, 28 қараша 01:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қарағанды әуежайында ер адам Бостонға апаратын ұшақ беруді талап етті

1 507 просмотра

Қарағанды әуежайында қолында пышаққа ұқсас құралы бар ер адам Бостонға апаратын ұшақ беруді талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, хабарлама кезекші бөлімге 6 қазан күні сағат 13.45-те түскен. Хабарламада Қарағанды қаласының әуежайында қолында пышаққа ұқсас құралы бар белгісіз ер адамның Бостон қаласына (АҚШ) ұшуға ұшақ талап еткені жазылған.

Жарты сағаттан кейін ер адамды полицияның желілік бөлімінің қызметкерлері мен авиациялық қауіпсіздік қызметінің мамандары ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

"Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен (Атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған іс-әрекеттер) қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Дереккөз: tengrinews.kz

7 қазан 2015, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.