Атырау, 28 қараша 01:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Бұдан былай елімізде шетелдік валютада ипотекалық қарыз берілмейді

1 622 просмотра

Тиісті заң жобасын бүгін Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда мақұлдады. Өйткені дәл қазір қаржы бағамы тұрақсыз. Яғни бұл норма болашақта әлеуметтік шиеленісті болдырмау мақсатында қабылданып отыр.

Ал валюта айырбастау нарығында айла-шарғыға жол бергендерге жаза күшейеді. Осы заң бойынша, Парламентке келген Ұлттық банк төрағасы теңгенің қазіргі бағамы қалыпты деп мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінгі нарықтағы жағдай сұраныс пен ұсынысқа сай. Оның үстіне еліміздің алтын валюта қоры да теңге бағамын тұрақтандырып, қолдауға жеткілікті. Қордың көлемі 2010 жылдан бері екі есеге өсіп, қазір 29 млрд долларға жетті. Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы: - Таңертеңгі доллар бағамы шамамен 273 теңге болды. Бұл біздің ойымызша, қалыпты көрсеткіш. Сондықтан Ұлттық банк аталған мәселені бақылап отыр. Ал инфляция деңгейіне келер болсақ, қыркүйек айында меже 1 пайыздан аспады. Енді қазан-қарашадағы жағдайды бақылаймыз. Айта кетейік, былтыр теңгенің айырбас бағамының өзгеруіне қарамастан, инфляция 7,4 пайызды құраған еді. Биыл біз 6-8 пайыз дәлізінде болады деп болжаймыз.

Дереккөз: 24.kz

7 қазан 2015, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.