Атырау, 28 қараша 01:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Теңге бағамындағы өзгерістен кейін Қазақстан банктері байлыққа кенелді

1 681 просмотра

2015 жылы тамыз айында болған теңге бағамындағы өзгерістен кейін Қазақстандағы екінші дәрежелі банк активтерінің көлемі 20 триллион теңгеге жетіп қалды, - деп хабарлайды Ranking.kz порталы.

35 банктің ішінде 33-і пайдаға кенелді. ЕДБ активтерінің көлемі бірден 1,89 триллион теңгеге артты, бұл қазақстандық банк секторының тарихындағы рекордты айлық өсім.

Сонымен қатар, "триллионер-банктерде" активтердің аздаған өсімі болды, олар рейтингте ондықтың бірінші алты орнына жайғасты. Мысалы, Қазкомның активтері бірден 436,5 миллиард теңгеге өсті - төрт триллионға дейін. Банк соңғы бес айда бірінші рет осындай пайдаға кенелді. Банктің нарықтағы салыстырмалы салмағы 2015 жылы шілдеде 20,7 пайыздың орнына 20,9 пайызға жетті.

Сонымен қатар, Халық банкінде белсенді динамика байқалды, активтер 426,9 миллиард теңгеге артты - 3,1 триллионға дейін. Қаржы ұйымы өзінің нарықтағы позициясын нығайтуды жалғастырып келеді - тамыз айының нәтижелері бойынша банктің салыстырмалы салмағы 0,7 пайызға артып, 16,1 пайызға жетті.

Үштікте Сбербанк те бар. Активтердің тамыз айындағы өсімі 198,4 миллиард теңге болды, енді олардағы көлем - 1,5 триллион. Банктің нарықтағы үлесі - 7,7 пайыз, ол шілдеге қарағанда 0,3 пайызға жоғары.

Дереккөз: tengrinews.kz

7 қазан 2015, 12:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.