Атырау, 28 қараша 01:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ұлттық банк басшысы теңге бағамын лайықты деп атады

1 510 просмотра

Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов бүгінгі жағдайдағы теңгенің бағамын лайықты деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз көріп отырған бірінші саудалар, еркін ауытқу бағамында екі айға жуық уақыт болып келдік, сауда көлемінің үлкен емес екендігін көрсетеді. Бұл сауда көлемінің тербелуі теңгенің қолдан жасалған дефицитін және айырбас бағамының үлкен құбылмалылығын туғызуы мүмкін. Мұның алдын алу үшін Ұлттық банк интервенциялар өткізді және жалпы біз нарықты бақылау және интервенция өткізу сияқты құқығымызды сақтаймыз. (...) Доллардың ұсынысы мен сұранысында валюта нарығында проблема болмайды. Теңгенің бүгінгі жағдайы, таңертең бекітілген бағамы 273, меніңше, біздің валюта бағыт алатын сыртқы факторлар үшін лайықты", - деп мәлімдеді ол тілшілерге жауап бере отырып.

Келімбетов мұнайдың сыртқы бағасының жағдайында қалыптасқан бағам туралы айтып отырғанын ескертті.

"Біз 270 деп отырғанда ақша нарығындағы мөлшерлеме - 16; рубль шамамен 70; мұнай - 50 шамасында, тіпті төмен. Бүгінгі баға лайықты деп есептейміз. (...) Мұндай жағдайда бағам лайықты. Ал бұл параметрлердің әрқайсысы жоғары не төмен болуы ықтимал. Біз бұл шоктарды лайықты қабылдауымыз керек және абсорбациялауымыз керек. Сондықтан салыстырмалы түрде бағам еркін, бірақ қауіпсіз дей алмаймыз. Мәселен нарықта бірнеше манипулятор бес миллион доллармен бүкіл елді оятып жіберуі мүмкін. Сондықтан Ұлттық банк сергек. Барлығымыз байқап, бақылауға алып отырмыз", - деді ол.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 20 тамызында ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.

Дереккөз: tengrinews.kz

7 қазан 2015, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.