Атырау, 28 қараша 01:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

АИ-80 бензинін мемлекеттік реттеу алынып тасталуы ықтимал

1 324 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - АИ-80 бензинін мемлекеттік реттеу алынып тасталуы мүмкін. Бұл туралы бүгін «21 ғасырдың ядролық технологиялары және таратпау мәселелері» атты халықаралық конференция аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник мәлім етті.

Сұхбат барысында министр АИ-80 бензинінің шекті бағасы өз деңгейінде қалатындығын атап өткенімен бұл марканы мемлекеттік реттеу алынып тасталуы керектігін баса айтты.

«Меніңше, күзгі жанармай тұтынылуы өте жоғары осынау ауыр кезең аяқталғаннан кейін, шамамен қараша айында бұл мәселеге оралатын боламыз», - деді ол.

Сонымен қатар В.Школьник алдағы уақытта АИ-80 маркалы бензин өндірісі тоқтатылатындығын атап өтті.

Дереккөз: inform.kz

7 қазан 2015, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.