Атырау, 19 мамыр 00:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Талдықорған тұрғыны жол қозғалысы ережесін бұзудан рекорд жаңартты

2 161 просмотра

Талдықорған тұрғыны жол қозғалысы ережесін бұзудан рекорд жаңартты, - деп хабарлайды 24KZ.

Қырғыз Республикасының мемлекеттік номер белгісі орнатылған Honda Odyssey автомобилі полицейлердің рейд шараларын жүргізу кезінде тоқтатылған. Оның бір облыс орталығының өзінде 456 рет ереже бұзғаны анықталды. Ұсталған жүргізушінің барлық ереже бұзу сәті қалалық автоматты фиксация жүйелеріне түсіп қалған.

Айыппұлдың жалпы сомасы 7,3 миллион теңгеге жетіпті. Егесі қарызды өтегенше автомобилі айып тұрағына қамалды. Полицейлердің айтуынша, айыппұлды төлеуден жалтарғаны үшін оған қатысты іс сотқа жолданады екен.

Дереккөз: tengrinews.kz

7 қазан 2015, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.