АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бастау» студенттік және дебюттік фильмдердің V халықаралық кинофестивалі 21 қазанда Алматыда өз жұмысын бастайды. Фестивальдің бес күні фильмдерді көрсетуге, киномектептердің таныстырылымына, дөңгелек үстелдер мен белгілі кинематографистердің шеберлік сағаттарына арналады.
Биыл кинофестивальге дайындық кезінде сценарийшілер байқауы өтеді, оның жеңімпаздары ақшалай грантқа ие болады, деп хабарлады «Бастау» кино мектебі мен студенттік фильмдерінің V халықаралық кинофестивалінің баспасөз хатшысы Александра Куликова.
«Жеңімпаздарға миллион теңгеден екі грант бөлінеді. Бұл жеңімпаздарға 2016 жылы болатын келесі фестивальге кино түсіріп, көрсетуге мүмкіндік береді. Байқауға кино ЖОО студенттерімен бірге өз киносын түсіруді армандайтын азаматтар да қатыса алады», - деді кинофестивальдің бас директоры Сергей Азимов.
Байқауға 18-35 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары қатыса алады. Жобалар үш көрсеткіш бойынша бағаланады: драматургия, визуалды шеберлік пен сценарийде қозғалған тақырыптың өзектілігі.
Байқауға қатысу үшін 2015 жылғы 20 қазанға дейін өтініш жіберу керек. Байқау талаптары бойынша сұрақтарды tanaris.prod@gmail.com поштасына жолдауға болады.
Дереккөз: inform.kz