Қазақстан Ұлттық банкі валюталық дәлізін алып тастап, еркін құбылмалы теңге бағамын енгізгеннен кейін орын алған девальвация "АрселорМиттал Теміртау" АҚ үшін жағымды фактор болды, бірақ ол барлық мәселені шешкен жоқ, деп мәлім етті ірі металлургиялық компаниясының бас директоры Виджай Махадеван.
АСТАНА, 6 қаз — Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан Ұлттық банкі валюталық дәлізін алып тастап, еркін құбылмалы теңге бағамын енгізгеннен кейін орын алған девальвация "АрселорМиттал Теміртау" АҚ үшін жағымды фактор болды, бірақ ол барлық мәселені шешкен жоқ, деп мәлім етті ірі қазақстандық металлургиялық компаниясының бас директоры Виджай Махадеван.
"Бұл шешім 20 тамыздан бастап валютаны шамамен 45%-ға қынсыздандырды. Нарық бұйырған ұлттық валютаның арзандауы мен валюталық саясаттың өзгеруі біздің бизнес үшін жағымды болатынын түсіну маңзды. Ол бізге жұмысшылардың жалақысын 25 пайызға қысқарту туралы шешімді кейінге қалдыруға мүмкіндік берді", — деп жазды Махадеван компания сайтындағы өзінің блогында.
Бұл ретте ол теңгенің ресейлік рубльге тәуелді екенін еске салды. "Валютаны тұрақтандыруға дейін теңге/рубль айырбас бағамында 1 рубль 2,8 теңгеге тең еді. Бүгін, тіпті құлдырауын есепке алғанда теңге/рубль айырбас бағамында шамамен 1 рубль 4,1 теңгеге тең болды, мұның өзі тарихи межеден (1 рубль — 4,8-5 теңге) төмен", — деп атап өтті ол.
"Осылайша валюталық тұрақтандырудағы өзгерістер — оң қадам, бірақ бұл барлық мәселені шешпейді және біз қалған проблемаларды шешу үшін еңбектенуіміз керек", — деді Махадеван.
Дереккөз: newskaz.kz