Атырау, 28 қараша 01:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қазақстанда Мемлекеттік кредиттік бюро ресми түрде жұмысқа кірісті

3 346 просмотра

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің коммерциялық емес еншілес ұйымы болып табылатын «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ 2015 жылдың 1 қазанында операциялық қызметке кірісті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

АСТАНА, 6 қаз — Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің коммерциялық емес еншілес ұйымы болып табылатын «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ 2015 жылдың 1 қазанында операциялық қызметке кірісті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ жаңа құрамы 2014 жылдың сәуір айынан бастап ақпараттық жүйелерді Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар қызметіне қойылатын заң талаптарына сәйкестендіру бойынша іс-шараларды жүзеге асырды.

"Шаралар мен бағдарламалық-техникалық кешендердің ақпараттық қауіпсіздік пен ақпарат құпиялылығын қамтатамасыз ету талаптарына сәйкестілігінің растауы болып Мемлекеттік комиссияның «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ тексеруін жүргізуі және 2014 жылғы 12 қарашада кредит тарихтарын қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесінің қатысушыларына қойылатын талаптарға сәйкестілігі туралы актіні алуы болып табылады", — делінген хабарламада.

Дербес кредит есебін алу Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы қ., Абай даңғылы, 10а, «A&F» БО, 9-қабат мекенжайы бойынша не жеке келумен не пошта арқылы мүмкін болады. Күнтізбе жылы ішінде бастапқы өтініш бойынша есеп тегін ұсынылады.

Дербес кредиттік есеп кредит тарихының субъектісі болып табылатын тұлғаның жеке деректерін, соынмен қатар оның қолданыстағы және аяқталған қарыз шарттары туралы, оның ішінде қолданыстағы және өтелгшен банктік немесе басқа қарыз шарттарының саны туралы түпкілікті ақпарат беруі мүмкін.

«Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ өз қарызгерлері туралы ақпаратты жеткізушілер болып 36 екінші деңгейдегі банктер, 56 микрокредиттік және микроқаржылық ұйымдар және банктік операциялардың бөлек түрлерін жүзеге асыратын 14 ұйым табылады.

Дереккөз: newskaz.kz

6 қазан 2015, 17:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.