Атырау, 4 мамыр 03:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16

АҚШ-қа ең көп уран жеткізген ел - Қазақстан

3 254 рет қаралды

Қазақстан - 2014 жылы АҚШ-қа ең көп АЭС-ке қажетті уран тасымалдаған ел. Бұл туралы АҚШ энергетика министрлігіне сілтеме жасаған бірнеше халықаралық ақпарат агенттіктері мәлімдеді.

2014 жылы АҚШ Қазақстаннан 12 миллион фунт (5443 тонна) уран тасымалдаған.

Бұл - АҚШ-тың 2014 жылы сатып алған барлық уранының 23 пайызы. Вашингтон 2014 жылы барлығы 53,3 миллион фунт (24176 тонна) уран алған.

Қазақстан 2013 жылы АҚШ-қа 6,5 миллион фунт (2948 тонна) уран сатқан.

Дереккөз: azattyq.org

6 қазан 2015, 12:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.