Атырау, 18 мамыр 19:38
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Порошенко Қазақстанға 9 қазанда келеді

2 280 просмотра

Астана. 6 қазан. ҚазТАГ – Украина президенті Петр Порошенко Порошенко Қазақстанға 9 қазанда келеді, деп хабарлады ҚР президентінің баспасөз қызметінен.

«9 қазанда Қазақстанға Украина Президенті Петр Порошенко ресми сапармен келеді.

Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастардың, соның ішінде сауда-экономика саласындағы ынтымақтастықтың мейлінше өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарлануда», - делінген сейсенбі күні Ақорданың сайтында жарияланған хабарда.

Келіссөздер барысында көмір өнеркәсібі, көлік-логистика, агроөнеркәсіп кешені және басқа салалардағы өзара іс-қимылдың басымдығы бар бағыттарын қарастыру көзделген.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко күн тәртібіндегі негізгі халықаралық мәселелер бойынша, соның ішінде Минск уағдаластықтарын жүзеге асыру барысына қатысты пікір алмасады деп жоспарланып отыр.

Дереккөз: ҚазТАГ

6 қазан 2015, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.