Атырау, 18 мамыр 21:52
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Астанада "Жыл патриоты" байқауы қорытындыланды

1 723 просмотра

Бүгін «Мәңгілік ел – болашағы біртұтас ел» республикалық патриоттар форумы аясында «Жыл патриоты» байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды, деп BNews.kz тілшісі.

«Жыл патриоты» байқауының жеңімпаздары жеті аталым бойынша анықталды. Сонымен, «Менің елім» аталымында ғарышкер Айдын Айымбетов, «Ана жүрегі» аталымында белгілі боксшы Геннадий Головкиннің анасы Елизавета Головкина, «Руханият шыңы» аталымында ұлт мақтанышы, қазақтың бұлбұлы, КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова, «Ел бірлігі» номинациясында «Динар - Электромаш» ЖШС (Ақтөбе облысы) іс басқарушысы Сергей Вишняк, «Нұрлы жол» номинациясында «Казлегпром – Алматы» ЖШС бас директоры Айбек Бектұрғанов, «Ерен еңбегі үшін» аталымында «Темірлан» ЖШС директоры Ерлан Әлин және «Ерлік» номинациясында суға кеткен екі сыныптасын құтқарған мектеп оқушысы Никита Тюкин марапатталды.

Айта кетейік, бүгін Астанада «Мәңгілік ел - болашағы біртұтас ел» тақырыбын арқау еткен республикалық патриоттар форумы өтті. Форумға республиканың барлық өңірлерінен 2000-нан астам делегат жиналды. Олар өз ісінің үздік өкілдері: дәрігерлер, ұстаздар, кәсіпкерлер, өнеркәсіп, аграрлық сала өкілдері, ғалымдар, қоғамдық қайраткерлер, спортшылар, актерлер, мәдениет қайраткерлері.

Патриоттар форумы 2007 жылдан бері Қазақстанның әр түрлі қаласында өткізіліп келе жатыр. Биылғы форум Мемлекет басшысы, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына арналды.

Дереккөз: bnews.kz


5 қазан 2015, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.