Атырау, 28 қараша 01:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«ҚазТрансГаз» АҚ инвестицияларды қайтаруға қатысты грузин тарапымен төрелік алдындағы реттеуге бастамашылық жасады

1 709 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы 21 қыркүйекте Baker&McKenzie халықаралық заң фирмасы «ҚазТрансГаз» АҚ-ның тапсырмасы бойынша «ҚазТрансГаз-Тбилиси» ЖШҚ-ның қызметіне «ҚазТрансГаз» АҚ-ның инвестицияларына байланысты туындаған инвестициялық дауды реттеу жөніндегі келіссөздерді бастау туралы ұсыныспен грузин тарапының атына төрелік алдындағы хатты жіберді.

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚазТрансГаз-Тбилиси» ЖШҚ «ҚазТрансГаз» АҚ Грузия астанасы мен оған іргелес аудандарды газбен жабдықтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру мақсатында 2006 жылы 2005 жылғы 26 желтоқсандағы «ҚазТрансГаз» АҚ мен Грузияның Экономикалық даму министрлігі арасында жасалған меморандумды орындау үшін құрылған болатын. 2006-2009 жылдар ішінде «ҚазТрансГаз» АҚ «ҚазТрансГаз-Тбилиси» ЖШҚ-мен Тбилиси қаласын газбен жабдықтау жүйесін дамытуға жалпы алғанда шамамен 130 миллион АҚШ долларын инвестициялады.

«ҚазТрансГаз-Тбилиси» ЖШҚ-ға 100% қатысу үлесін иемденуге қарамастан, 2009 жылғы 16 наурыздан бастап Кутаиси қалалық сотының ұйығарымымен Грузияның энергетика және сумен жабдықтау жөніндегі ұлттық реттеуші комиссиясының «ҚазТрансГаз-Тбилиси» ЖШҚ-ны арнайы басқарушыны бекітуге қатысты өтініші қанағаттандырылған болатын.

Нәтижесінде, «ҚазТрансГаз» АҚ өзінің еншілес компаниясының қызметіне қатысуға мүмкіндігі жоқ.

«ҚазТрансГаз» АҚ Грузияның уәкілетті органдарының көрсетілген іс-әрекеттерімен Грузияның ұлттық заңнамасында және инвестицияларды қорғау туралы халықаралық келісімдерінде белгіленген шетелдік инвестордың құқықтары бұзылып отыр деп пайымдайды.

«ҚазТрансГаз» АҚ грузин тарапының сындарлы ұстанымына және төрелік алдындағы рәсімдер шеңберінде даудың жылдам реттелетініне үміттенеді.

Егер төрелік алдындағы реттеу дауды шешуге алып келмейтін болса, «ҚазТрансГаз» АҚ 1994 жылғы 17 желтоқсандағы Энергетикалық хартияға шарттың және 1996 жылғы 17 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметінің инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімнің, өзге де халықаралық келісімдердің, сондай-ақ Грузияның ұлттық заңнамасының ережелеріне сәйкес инвестициялық төрелік талқылауға кіріседі және «ҚазТрансГаз-Тбилиси» ЖШҚ-ға бақылаудың қайтарылуын және салынған инвестициялар сомасынан кем емес мөлшерде шығындарды өтеуін талап ететін болады.

Дереккөз: inform.kz

5 қазан 2015, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.