АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 қазан күні Нью-Йоркте (АҚШ) WBA (Super) және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, 33 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин IBF нұсқасында әлем чемпионы (осы салмақта) 26 жастағы Давид Лемьемен жекпе-жекке шығады.
Бірақ Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санческе соңғы кездері американдық Андре Уорд туралы сұрақтарға жиі жауап беруге тура келіп жүр, деп хабарлайды Sports.kz.
Санчестің айтуынша, Уорд Головкин онымен жұдырықтасудан бас тартты дегенді айтып, оның есімі арқылы өзіне пиар жасауда.
«Бұл шындыққа жанаспайды. Андре - өтірікші, мен ол туралы ашық түрде айтып отырмын. Уордтың барлық мәлімдемелері Лемьеге қарсы жекпе-жеке келісімшартына қол қойған соң болды. Бұл жігіт жекпе-жекке шыққысы келмейді, Головкиннің есімін ол туралы ешкім ұмытпауы үшін пайдаланып отыр», - деді А.Санчес.
Дереккөз/фото: inform.kz