Атырау, 28 қараша 01:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Теңге бағамы өзгергеннен кейін Астанада баспана бағасы қандай болды

1 565 просмотра

Теңге еркін ауытқу бағамына өткеннен кейін Астанадағы баспаналардың шаршы метрінің орташа құны қандай болғаны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның құрылыс салушылар ассоциациясы директоры Аслан Түкиев әр шаршы метрдің орташа құны шамамен 20 пайызға қымбаттағанын айтты.

"Шаршы метрдің бағасы нысанға, нысанның орналасқан жеріне, құрылыс жағдайларына байланысты. Мұның бәрі әрбір шаршы метрдің құнына әсер етеді. Дегенмен бұл цифрларды орталасақ, ҚСА бөлімшесінің мәліметінше, еркін ауытқу бағамына өткенге дейін сол жағалаудағы орташа эконом-кластың шаршы метрі 192-200 мың теңге аралығында болған. Еркін ауытқу бағамына өткеннен кейін құрылыс материалдардың бағасының өсуіне байланысты шаршы метрдің құны да өскен. Тек шетелдік құрылыс материалдар ғана емес, отандық өндірушілер де теңгенің құнсыдануына еш қатысы болмаса да өнімдерін қымбаттатып отыр. Қазір біз мұнымен күресіп жатырмыз. Өкінішке орай, сонда да баға өсті. Біздің мәліметімізше, қымбаттау шамамен 20 пайызға болды, яғни 230 мың теңгеге дейін өсті. Бұл жобаларға байланысты, кей жерлерде бұл цифр аздау болса, кей жерлерде керісінше көптеу", - деді ол ОҚК брифингі барысында.

Түкиев Ассоциация мүшелерінің құрылысты іске асыру, төлемақы кездерінде доллардан бас тартуды ұйғарып отырғанын айтты.

"Құрылыс салушылардың барлығы жылжымайтын мүліктің екінші секторының өкілдері, олар құрылысты жүзеге асыру кезінде долларды пайдаланады. Бұл, әрине, өкінішті. Ассоцмацияның жаңа ұстанымы бойынша, біз валюталық саясатта қателікте жібермеу. Қазіргі заңнамаға сәйкес, ресми аударымдар теңгемен жүргізілуі керек, дегенмен олар мұны доллармен жасап отыр. Бастапқы нарыққа келетін болсақ, ҚСА-на кіретінкомпаниялардың тобында бұл мәселе шешілді. Теңге арқылы төлем жасалып жатыр. Біз үкіметті қолдай отырып, басқа құрылыс салушыларға үлгі болып отырмыз деп ойлаймын", - деді ол.

Өз кезегінде Астана әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун 2016 жылы баспана бағасы көтеріле ме деген сұраққа аздаған өзгерістің болатынын айтып жауап берді.

"Қазіргі кезде мемлекеттік бағдарлама аясында салынған нысандардың бағасы бұрынғыша қалды. Ескі үйлер мен апаттық үйлерге қатысты сынамалы жобалардың аясында салынған нысандардың да бағасы өзгерген жоқ. Ары қарай нарық шешеді. Аздаған өзгеріс болуы мүмкін, дегенмен баспана бағасы кенеттен көтеріліп кетеді деп ойламаймын", - деді ол.

Айта кетейік, Қазақстан биыл 20 тамызда теңгенің еркін ауытқу бағамына өтті.

Дереккөз: tengrinews.kz

2 қазан 2015, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.