Атырау, 23 желтоқсан 03:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

"ВКонтакте" желісінде полицейді қорлаған оралдық 99 мың теңге айыппұл арқалады

2 670 рет қаралды

"ВКонтакте" желісінде полицейді қорлаған оралдық 99 мың теңге айыппұл арқалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орал қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орал қалалық сотында 1 қазанда полиция қызметкерін әлеуметтік желіде қорлаған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды. "Іс құжаттарына сәйкес, Н.Иванчук 2015 жылдың тамыз айында "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде өзінің смартфоны арқылы БҚО ІІД-нің қызметкерлері туралы ақпаратты оқып, полиция қызметкерлеріне қатысты дөрекі және балағат пікірлер жазған", - делінген хабарламада.

Орал қалалық сотының үкімімен ол ҚР ҚК-нің 378-бабының 2-бөлігімен (билік өкілін қорлау) айыпты деп танылып, оған 50 АЕК - 99 100 теңге айыппұл тағайындалды.

Дереккөз: tengrinews.kz

2 қазан 2015, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.