Астанада жұмада түстен кейін сириялық оппозицияның кезекті келіссөздері басталады деп хабарлады Қазақстан СІМ баспасөз қызметінен.
АСТАНА, 2 қаз — Қазақстан жаңалықтары АА. Астанада жұмада түстен кейін сириялық оппозицияның кезекті келіссөздері басталады деп хабарлады Қазақстан СІМ баспасөз қызметінен.
Белгілі болатындай, осыған дейін сириялық оппозиялық топ өкілдері Қазақстан басшылығына сирияаралық келіссөздердің екінші раундын өткізуге алаң беру туралы өтінішпен шыққан болатын. СІМ атап көрсеткендей, Сириядағы гуманитарлық жағдайдың ауырлауына байланысты Қазақстан келісім берді.
"Қазақстан Сирияның ішкі дағдарысы тек бейбіт жолмен шешілетініне сенімді, және Сириядағы қақтығысты реттеу жөніндегі Женева үдерісі аясындағы сириялықтар арасындағы келіссөздердің әрі қарай жалғасуы мен жемісті аяқталуына ниеттенеді, және осыдан келе Астанада өтетін кеңестер Женевада өтетін келіссөздерге алғышарт дайындайды деп біледі",-делінген хабарламада.
Сириялық оппозиция өкілдері келіссөздерінің екінші раундының ашылуында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова сөз сөйлейтін болады.
Дереккөз: newskaz.kz