Астана. 1 қазан. ҚазТАГ – 12 мыңнан астам қазақстандықты осы күзде мерзімді әскери қызметке шақырады, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
«1 қазанда Қазақстанда «Күз-2015» шақыру науқаны басталды. Күзгі шақырылыммен Қазақстанның Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына мерзімді әскери қызметке кейінге шақырылуға немесе шақырылудан босатылу құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы 12 мыңнан аса қазақстандықты жолдау жоспарлануда. Шақыруды ұйымдастыру және өткізумен жергілікті әскери басқару органдарымен (әскери комиссариат) бірлесіп жергілікті атқару органдары (әкімдіктер) айналысуда. Шілде мен қыркүйек аралығында шақыру контингентін зерделеу, шақы рылушылармен, олардың ата-аналарымен, олар оқып жүрген және жұмыс атқарып жүрген оқу орындары, кәсіпорын өкілдерімен жеке әңгімелер жүргізілді. Әскери бөлімдер бойынша іріктеу және бөлу кезінде шақырылуға дейінгі болашақ мерзімді әскерилердің алған мамандықтары, денсаулық жағдайы, дене және моральдық-психологиялық дайындығы ескеріледі. Қосымша медициналық куәландыру, яғни, наркологиялық тестілеу, гепатит пен туберкулезге зертханалық зерттеу шаралары көзделген. Әскери бөлімдерді жасақтау эксаумақтық және аумақтық қағидаттар бойын ша жүзеге асырылады. Шақыру кампаниясы барысында қазан мен желтоқсан аралығында арнайы «қауырт желі» жұмыс атқаратын болады. Азаматтарды шақырудың барлық мәселелері бойынша ҚР ҚК мен ҚР ҚК Бас әскери-медициналық басқармасының өкілдері кеңес береді. Сұрақты 8 (7172) 72-13-89, 72-13-82, 39-33-37 телефондарына қоңырау шалу арқылы қоюға болады. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына мерзімді әскери қызметке шақыру «Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына, сондай-ақ «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін запасқа босату туралы және Қазақстан Республикасы азаматтарының сәуір-маусым мен қазан-желтоқсанда мерзімді әскери қызметке кезекті шақырылымы туралы» ҚР Президентінің жыл сайынғы Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.
Дереккөз: ҚазТАГ