Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қазақстандық қажылық миссиясы Сауд Арабия Корольдігінің Қажылық министрлігі шешімімен Жидда халықаралық әуежайында барлық ұшу кестесінің өзгергені туралы хабарлайды.
АСТАНА, 1 қаз — Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қазақстандық қажылық миссиясы Сауд Арабия Корольдігінің Қажылық министрлігі шешімімен Жидда халықаралық әуежайында барлық ұшу кестесінің өзгергені туралы хабарлайды.
ҚМДБ сайтында жарияланған хабарламаға сәйкес, Сауд Арабия Корольдігі күнтізбені жаңа айдың тууына байланысты белгілейді. Жаңа айдың (біздің елмен салыстырғанда) бір күн кеш көрінуіне орай барлық ұшақтардың ұшу кестесі де бір күнге шегерілді. Кеше Сауд Арабия Корольдігінің Қажылық министрлігі осындай шешім қабылдады.
"Сонымен қатар қажыларға қызмет көрсететін жергілікті мекемелердің автобустарды (қажыларды Меккеден Жидда қаласына тасымалдау үшін) уақытында бөлмеу, ұйымдастыру жұмыстарын жүйелі жүзеге асырмау салдарынан жерлестеріміз әуежайға дер кезінде жеткізілмеді",-делінген хабарламада.
азір қажыларды ұшыруға қатысты техникалық себептер шешімін табуда.
"Бұл туралы Қазақстан қажыларын тасымалдау құқығына ие болған «FlyNas» халықаралық әуекомпаниясының жауапты өкілі Мұхаммед әл-Қарни Қажылық Миссиясының төрағасы Ғылымбек Мәжиев мырзаға мәлімдеді. Енді отандастарымыздың ұшу кестесі бекітілген кесте бойынша жүзеге асырылуда",-делінген хабарламада.
ҚМДБ мәліметінде қажылық министрлігінің ұшу уақытын бір күнге шегеру туралы шешімі барлық елден келген қажыларға қатысты екені айтылған. Бүгінде қазақстандық қажылар Жидда-Алматы бағыты бойынша тікелей рейспен ұшуда.
"Жидда әуежайында кезегін күткен отандастарымыз қажетті ас-сумен қамтамасыз етілді. Фирма басшылары ұйымдастыру жұмыстарын жауапкершілікпен атқаруда",-деп көрсетілген хабарламада.
Дереккөз: newskaz.kz