Атырау, 28 қараша 01:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Той кортежімен болған даудан ІІМ Әкімшілік полициясы комитетінің басшысының орынбасары жұмыстан кетті

2 849 просмотра

Полиция полковнигі Бақытжан Балташев берілген баянаттан кейін органдағы қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада үйлену тойының кортежі жолда жүру ережесін бұзғаны үшін жүргізушілер мен ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасарының ұлының тойын тойлаған таныстары жауапкершілікке тартылды.

"Полиция полковнигі Балташев Бақытжан Балғабекұлы ІІМ бұйрығымен берілген баянатқа сәйкес ішкі істер органдарынан кетті", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде қымбат көліктермен елорда көшелерінде шоу ұйымдастырғандар видеосының жарияланғаны хабарланған болатын. "Гелендвагендердің" жүргізушілері өздерінің артқа қарап көлік жүргізе алатын "өнерлерін" көрсетті. Олар бірнеше рет жол апаты қаупін тудырып, жолдың қарсы бағытына шығып, жол ортасындағы жолақтарды басты. Жүргізушілердің бұл қылығы қолданушылардың наразылығын тудырды. Кейін жүргізушілер ұсталып оларға айыппұл салынды, бұл құқық бұзушылықтар үшін салынатын айыппұлдың көлемі жарты миллион теңгеге жуықтайды, 21 хаттама толтырылды. Тоғыз жүргізушінің төртеуі көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астана кинотеатрындағы жанжалға ҚР премьер-министрінің кеңсесінде инспектор болып қызмет ететін Болат Турагелдиевтің ұлы себепші болды. Ол кассир қызға дене жарақатын салды деген күдік бар. Осыдан кейін Қуаныш Турагелдиев ұсталып, әкесі Болат Турагелдиевтің Қазақстан премьер-министрінің кеңсесіндегі қызметінен кету туралы арыз бергені белгілі болды.
Дереккөз: tengrinews.kz

29 қыркүйек 2015, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.