Атырау, 28 қараша 01:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Болашақ» бағдарламасымен оқыған мұнайшылардың жартысы шетелдік компанияларда жұмыс істеуде

2 734 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Болашақ» бағдарламасын мұнай-газ мамандығы бойынша бітірген түлектердің жартысы шетелдік компанияларда жұмыс істеп жатыр.

Бұл туралы бүгін KAZENERGY Еуразиялық форумында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығметов мәлім етті.

Оның хабарлауынша, мұнай-газ ісі, мұнай-газ саласындағы машина жасау секторының инженері, мұнайхимия, мұнай мен газ кеніштерін барлау және өңдеу мамандықтары бойынша, «Болашақ» бағдарламасымен 1993 жылдан бері 414 стипендиат оқып шыққан. Қазіргі уақытта тағы 45 студент «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелде білім алуда.

«Сол түлектердің 14 пайызы мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде қызмет істеуде, 47 пайызы - шетел және халықаралық компанияларда, 37 пайызы - жеке-меншік компанияларда жұмыс істеп жатыр. Бұл мамандыққа деген сұраныстың барын көрсетеді және «Болашақ» бағдарламасы сол мүмкіндікті жасап беріп отыр», - дейді Ғ.Нығметов.

Ғани Нығметовтің сөзіне қарағанда, 2012-15 жылдар аралығында «Болашақ» стипендиясының саны жыл санап төмендеп келеді.

«Алайда бұл «Болашақ» бағдарламасының сапасын жақсартуға үлкен серпін берді. Біздің басты назарымыз үміткерлеріміздің сапасына, магистратура, докторантура және тәжірибе бағдарламаларының сапасына ойысты», - дейді ол.

Дереккөз: inform.kz

29 қыркүйек 2015, 12:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.