Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев валюта әзірлеу бағытындағы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдердің күш-жігерін біріктіруді ұсынды.
АСТАНА, 29 қыр —Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев валюта әзірлеу бағытындағы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдердің күш-жігерін біріктіруді ұсынды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
БҰҰ Бас Ассамблеясы 70-ші мерейтойлық сессиясының жалпы пікірталасында сөз сөйлеген Елбасы жаһандық дағдарыспен күресті қазіргі кезде заңдылық, демократиялылық, бәсекелестік, тиімділік және халықаралық бақылау ұстанымдарына сай келмей отырған эмиссия мен әлемнің резервтік валюталары айналымын реттеуден бастау қажеттілігін атап айтты.
"ХХI ғасырда әлемге сапалық тұрғыдан жаңа қаржы құралдары керек.Жаһандық орнықты даму мен өсіп-өркендеудің мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін ұлт үстілік әлемдік валюта әзірлеу бағытындағы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдердің күш-жігерін біріктіру қажет",-деді Назарбаев.
Дереккөз: newskaz.kz