Атырау, 28 қараша 01:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қазақстан мен Қытайдың бизнесмендері визалық рәсімдерді жеңілдетуге шақырды

2 092 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Қытайдың бизнесмендері сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшін визалық рәсімдерді жеңілдетуге шақырды.

«Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық ынтымақтастығының сапасын жақсарту бизнесмендер арасындағы тығыз қарым-қатынасты дамытумен тікелей байланысты. Қазіргі кезде екі елдің кәсіпкерлік ынтымақтастығында әлі де еңбек рұқсатнамалары, визаның қажеттілігі мен тұрғылықты жерге берілетін рұқсат құжаты секілді мәселелерде кедергілер бар»,-деп тоқталды бүгін Астанадағы Қазақстан-Қытай инвестициялық форумында ҚХР Халықаралық сауданы дамыту комитеті төрағасының орынбасары Лу Пэнча.

Осы орайда Лу Пэнча сапарлардың рәсімін жеңілдету арқылы операциялық шығындарды төмендетуде оңтайлы нәтижені байқауға болатындығын, сауда-экономикалық инвестициялар тұрғысында міндеттерді жеңілдетуге қолдау жасалатындығын және өңірде экономикалық интеграция дәрежесін арттыратынын атап өтті.

«Бүгінде екі мемлекеттің де үкіметтері осы проблемаға назар аударып отыр. Қазірде Қазақстан тарапы инвесторлық және бизнес визаларға байланысты тиісті жеңілдіктерді қарастыруда. Менің ойымша, жақын арада елдердің арасында сапарлау ыңғайлылау болады, ал еңбекті ұйымдастырудың тиімділігі арта түсіп, коммуникацияларды кеңейту үшін жақсы жағдайлар құрылып, екі мемлекеттің сауда-өнеркәсіптік топтарының іскерлік ынтымақтастығы нығая түседі»,-деді ол.

Дереккөз: inform.kz

28 қыркүйек 2015, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.