Атырау, 28 қараша 01:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Астана әкімі елордадағы сауда орындарында жалға берілетін орындардың төлемінің қымбаттау мәселесін талқылады

1 530 просмотра

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков елордадағы сауда орындарында жалға берілетін орындардың төлемінің қымбаттау мәселесін талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Айта кетейік, "Тұлпар" сауда орталығының жалға алушылары басшылықтың ай сайынғы төленетін төлемақының доллар бағамының өсуіне байланысты көбейтіп отыратынын айтып, өз наразылықтарын білдірген болатын. Мұндай жағдай қаланың басқа сауда орталықтарында да болды.

Елорда әкімі жалға алушыларға ниеттестік білдірді. "Долларға мүдделі болудың бұған қандай қатысы бар? Жалға берілетін орындардың төлемақысына доллар курсы қалайша әсер етеді? Жалға алушылар саудадан түскен ақшаны тек қана теңгемен алады, ал төлемақыны доллармен төлеуге міндетті. Осының барлығы баға саясатының тұрақсыздығына әкеледі", - деді ол.

Жақсыбеков арнайы жұмыс тобына осы мәселенің шешімін тауып, қажетті түсіндірме жұмыстарын өткізуді тапсырды.
Дереккөз: tengrinews.kz

28 қыркүйек 2015, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.