Пара алды деген айып бойынша сотталған Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы басшысы Мұрат Оспанов өзіне салынған 1,1 миллиард теңге сомасындағы айыппұлдың 847 миллион теңгесын төледі, деп хабарлады Астна сотының баспасөз қызметі.
АСТАНА, 28 қыр — Қазақстан жаңалықтары АА. Пара алды деген айып бойынша сотталған Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы басшысы Мұрат Оспанов өзіне салынған 1,1 миллиард теңге сомасындағы айыппұлдың 847 миллион теңгесын төледі, деп хабарлады Астна сотының баспасөз қызметі.
Оспановқа Қылмыстық кодекстің 311-бабы бойынша аса ірі көлемде пара алды деген кінә тағылған еді. Жыл басында аяқталған сот процесінде ТРМА бұрынғы басшысы Мұрат Оспанов сот залынан босатылған болатын. Экс-шенеунікті қамауға алу бұлтартпау шарасы мүлкін тәркілеумен қатар, ешқайда шықпау қолхатына ауыстырылып, 1 миллиард 101 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.
"2015 жылғы 28 қыркүйектіге жағдайға сотталушы М.М.Оспановтың мемлекеттің пайдасына төлеген айыппұлы 847 609 252 теңгені құрайды", — делінген хабарламада.
Айыппұлдың қалған сомасы 253 450 748 теңгені құрайды.
Дереккөз: newskaz.kz