Атырау, 7 қазан 19:20
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Мәжілісте Дариға Назарбаеваның орнына жаңа вице-спикер сайланды

2 752 просмотра

Image 0

Төменгі палатаның вице-спикері болып Мәжіліс депутаты Абай Тасболатов сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін бұл қызметті Дариға Назарбаева атқарған болатын.

Мәжілістің кеңейтілген отырысында төменгі палатаның спикері Қабиболла Жақыпов осы кандидатураға дауыс беруге шақырды. "Бәріңіз оны жақсы білесіздер", - деді Жақыпов.

Мәжілісмен Мұхтар Тінікеев парламент тарихында ешқашан вице-спикердің генерал болмағанын айтты. "Көршілерден үлгі алайық", - деді Жақыпов. Ұжым Тасболатовтың шешім қабылдай алатындығын алға тартты. Депутаттар бір ауыздан "Иә" деген дауыс берді.

Жақыпов өз кезегінде: "Жұмысты бастайық. Әскерилерше айтсақ, сауытымыз бүтін. Қара бала да, сары бала да бар", - деді.

Еске сала кетейік, 11 қыркүйекте Мемлекет басшысының бұйрығымен Дариға Назарбаева Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл тағайындауға дейін Назарбаева Парламент Мәжілісінде 2012 жылдан бастап жұмыс істеді. Депутат болды, әлеуметтік-мәдени даму комитетін басқарды. 2014 жылы сәуірде Мәжілістің вице-спикері, "Нұр Отан" партиясы парламенттік фракциясының басшысы болып тағайындалды.

Дереккөз: tengrinews.kz

23 қыркүйек 2015, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.