Атырау, 17 қаңтар 17:40
 ашықВ Атырау -15
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

Назарбаев Сергей Нұртаевты Италияның елшісі қызметіне тағайындады

3 022 рет қаралды

Image 0Назарбаевтың Жарлығымен Сергей Нұртаев Италияның елшісі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Сергей Нұртайұлы Нұртаев Қазақстан Республикасының Италия Республика-сындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанның Ителиядағы елшісі болып Андриан Елемесов қызмет еткен. Биылғы тамызда ол бұл қызметінен босатылып, ҚР-ның Мексикадағы елшісі болып тағайындалды.

Сергей Нұртаев 2002 жылдан бастап дипломаттық қызметте. Қазақстанның Грекиядағы елшісі қызметінде ол алты қызмет етті.

Дереккөз: tengrinews.kz

22 қыркүйек 2015, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.