Атырау, 7 қазан 17:35
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Сабина Алтынбекова жапониялық клубқа ауысты

1 415 просмотра

Image 0Қазақстандағы ең танымал волейболшы Сабина Алтынбекова жапониялық GSS Sunbeams клубына ауысты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Клуб жергілікті чемпионаттың екінші дивизионында өнер көрсетіп жатыр.

18 жастағы спортшы қыз жапониялық командаға тамыз айында ауысты, ол бір айдан аса уақыт бойы жаңа командада жаттығып жүр. Жапониялық клуб Сабина Алтынбековамен келісімшарты туралы жақын күндері ғана хабарлады.

Айта кетейік, GSS Sunbeams Токиода құрылған. Клуб қараша айының ортасында V.Challenge Ligue чемпионатына қатысады. Бұл әйелдер арасында Жапония бойынша екінші орындағы дивизион.

Дереккөз: tengrinews.kz

22 қыркүйек 2015, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.