Атырау, 27 қараша 23:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Серік Ахметов сотта антикоррупциялық ведомствоның тергеушісіне сұрақ жаудырды

2 054 просмотра

Image 0Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов куәгерлерден жауап алған тергеуші Алексей Шевченконы жеке мүддесін танытты деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

21 қыркүйекте Қазақстанның мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жедел тобының тергеушісі Алексей Шевченкодан жауап алынды. Оған сұрақтарды экс-премьердің өзі қойды. Жоғары лауазымды шенеунік тергеушіден куәгер Ахмет Күлжановқа сотқа келуі тиіс болған күні неліктен телефон соққанын сұрады. Ахметовтың айтуынша, тергеуші куәгерге жиі телефон соққан және тергеушінің бұл істе жеке мүддесі бар болуы мүмкін.

"Күлжановтың қорғаушылардың куәгері екенін қайдан білдіңіз? Ол сотқа келуі тиіс болған күні оған неліктен телефон соқтыңыз? Айыпталушылар тарапындағы барлық куәгерді жақсы білесіз. Сот отырысы басталғанға дейін оған неліктен телефон соқтыңыз? Мұндай белсенділігіңіз немен байланысты?", - деп сұрады Ахметов.

Бұған тергеуші өзінің қызметтік міндетін атқарғандығын айтып, жауап берді. "Сізге түсіндіріп жатырмын ғой, тергеуші Ахмет Күлжановқа кездесу жайлы келісу үшін телефон соқтым. Себебі бұл куәгерді сотқа қайта шақыру қажеттілігі туады ғой, мен осылайша оны бірден тауып аламын. Куәгерлерді шақыру туралы тапсырма маған соттан берілді", - деп жауап берді Шевченко.

Серік Ахметов соттың назарын Шевченконың нақты жауап беруден жалтарып отырғанына аударды. Бұрынғы премьер-министрдің айтуынша, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері сот процессін белсенді түрде бақылауға алғысы келеді. Сонымен қатар, Ахметов соттың назарын тергеуші мен оның қызметкерлерінің айыпталушы тараптың куәгерлерінің сот отырысына қатысуын әлі күнге дейін қамтамасыз етіп келетінін айтты. Осылайша, Ахметов антикоррупциялық ведомство өкілдерінің куәгерлердің беретін жауабына әсер етуі мүмкін екендігін айтып, күдіктенді.

Еске салайық, Қарағанды қаласында экс-премьер-министр Серік Ахметовтың және істің өзге де фигуранттарының соты жалғасып жатыр. Сот істің 82-ші томын қарап жатыр. Еске сала кетейік, Қазақстанның экс-премьер-министрі Серік Ахметовке жемқорлық мәндегі алты қылмыс бойынша ресми түрде айып тағылған болатын, олардың қатарында аса ірі көлемде пара алды (тергеудің тұжырымынша, 2 миллион 400 мың доллар - Авт.), аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды, лауазымын асыра пайдаланды және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласты деген айыптар бар.

Дереккөз: tengrinews.kz

21 қыркүйек 2015, 17:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.