Атырау, 27 қараша 23:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Турагелдиевтің әкесі премьер-министрдің кеңсесіндегі қызметінен кететін болды

2 474 просмотра

Image 0

Астананың сауда және ойын-сауық кешендерінің бірінің кинотеатрында сатушы қызды тепкен Қуаныш Турагелдиевтің әкесі Болат Турагелдиев Қазақстан премьер-министрінің кеңсесінің қызметкері қызметінен кету туралы арыз берді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қуаныш Турагелдиевтің адвокаты Асқар Үсенбаев хабарлады.

Ол Қуаныш Турагелдиевтің өз ісіне өкінетінін және кешірім сұрайтынын мәлімдеді.

"Қуаныш Турагелдиев бұл қылмыстық істе менің қорғауымда. Оқиға "Сарыарқа" сауда орталығындағы кинотеатрда болды. Қуаныш өз ісін сөгеді, ісіне өкінеді, бұл құқықбұзушылықта өз кінәсін мойындады. Ол татуласуға дайын. Ол жәбірленушіден кешірім сұрайды. Қазіргі уақытта ол Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторында", - деді адвокат.

Tengrinews.kz тілшісінің "Интернетте Қуаныштың Қазақстанның премьер-министрінің кеңсесінің бас инспекторы болып қызмет ететін Болат Турагелдиевтің баласы деген мәлімет жүр, бұл тергеу барысына әсерін тигізе ме?" деген сұрағына былай деп жауап берді:

"Иә, ол Болат Турагелдиевтің баласы. Бәріңіз білетіндей, әкесі баласының ісіне жауап бермейді. Алайда қоғамның бұл іске қаншалықты назар аударып отырғанын назарға ала отырып, өзінің моральдық-этикалық ұстанымына байланысты ол (Болат Турагелдиев - Авт.) қазіргі уақытта қызметтен кету туралы арыз жазды. Сонымен қатар, менің қорғауымдағы адамның туыстары балаларының ісіне кешірім сұрайды. Олар жәбірленуші тарапқа хабарласқысы келеді, бірақ оларды таба алмай жүр. Туыстарының тарапынан тергеу барысына қандай да бір қысым көрсетіліп жатқан жоқ".

Еске салайық, осыған дейін Астана қалалық аймақтық ішкі істер басқармасының мәліметінше, 14 қыркүйекте ІІД жедел басқарма орталығының 102 қызметінің пультіне 21 жастағы қыз хабар беріп, елордадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының біріндегі кинотеатрда шу шығарып, дене жарақатын салғанын мәлімдегені хабарланған еді. Айта кетейік, бұл оқиғаның видеосы 14 қыркүйекте таралған болатын. Кейін күдікті ұсталды.

Дереккөз: tengrinews.kz


17 қыркүйек 2015, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.