Атырау, 27 қараша 23:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Мәжіліс жергілікті полиция қызметін құруға мүмкіндік беретін заң жобасын мақұлдады

4 407 просмотра

Image 0Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында төменгі палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Заң жобасы «100 нақты қадамның» 30 және 31-ші қадамдарын орындау үшін әзірленді. Заң жобасында Қазақстанның жергілікті атқарушы органдарына есеп беретін жергілікті полиция қызметін құру, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі және аумақтық ішкі істер органдары жанындағы қоғамдық кеңестердің қызметін заң жүзінде бекіту көзделген», - деп баяндады ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Оның сөзінше, жергілікті полиция қызметінің құзыретіне құқық бұзушылықтардың профилактикасы, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша іс жүргізу, қылмыстық теріс әрекеттер бойынша хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жатқызылмақ.


Жергілікті полиция қызметінің жергілікті атқарушы органдарға есептілігі және қоғамдық кеңестердің қызметі полиция қызметі жұмысының ашықтығына және азаматтардың сенімін арттыруға ықпал етеді деп көзделген.

Дереккөз: bnews.kz


16 қыркүйек 2015, 12:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.