Азаматтық белсенді Талғат АЯН. Көрнекі сурет.Бұрын хабарлағанымыздай, «Азаматтық бастама» қозғалысының белсенділері қала әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВҚА бейбіт митинг өткізуге келісім беру туралы өтініш жазған еді («Митинг өткізгілері келеді» мақаласын қараңыз). Тақырыбы – коммуналдық тарифтердің көтерілуі және қоршаған ортаның ластануы.
Ұйымдастырушылар митингті 2015 жылғы 20 қыркүйекте қаладағы Исатай-Махамбет, Дина Нұрпейісова немесе Құрманғазы алаңдарының біріне өткізуді сұраған еді. Қала әкімі митингті Балықшыдағы Абай Құнанбайұлы көшесі, 28 үйдің («Ландыш» аялдамасы) қасында өткізуге келісімін берді.
Митинг сағат 14.00-де басталады. «Азаматтық бастама» қозғалысы белсендісі Макс БОҚАЕВТЫҢ телефоны – 8 705 441 32 38
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ