Атырау, 23 қараша 09:07
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Митинг өткізгілері келеді

2 857 просмотра

«Азаматтық бастама» қозғалысының белсенділері Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВҚА бейбіт митинг өткізуді мақұлдау туралы өтінішпен шықты.

Өтініште айтылғандай, шараның мақсаты – жұртшылық пен мемлекеттік органдардың назарын Атырау қаласы мен оның тұрғындарының әлеуметтік, экономикалық және экологиялық проблемаларына аудару. «Атап айтқанда, табиғи монополиялардың, коммуналдық қызмет көрсетушілердің тарифтік саясатымен және адамдардың денсаулығы үшін зиянды шығарындыларды атмосфераға тастау арқылы қоршаған ортаның ластануына байланысты. Біз қазіргі кезде қалыптасқан, сондай-ақ, әлеуетті, жұртшылықтың қатысуынсыз жоспарланған жоғарыда аталған проблемаларды шешу - жартылай сипатқа ие немесе тұрғындардың мүдделері ескерілмеген деп есептейміз», - делінген өтініште.

Митингтің бастамашылары – танымал қоғам белсендісі Макс БОҚАЕВ пен біздің таяудағы жарияланымыздың кейіпкері, 1 тамыздан бастап су тарифінің көтерілуіне наразылық ретінде жалғыз өзі пикет ұйымдастырған Талғат АЯН.

12 жылдық өтілі бар қоғам қызметкері ретінде бүгінгі күні мемлекетке қоғаммен санасатын кез келді дегім келеді. Бірнеше жыл бойына мұнай долларларының молдығынан жұртшылық тарапынан түскен кез келген дабыл еленбеді. Содан кейін түйеқұс секілді басын құмға көміп алды. Алайда бүгінгі девальвация істің өте мүшкіл екенін көрсетті, алайда әлі де ахуалды түзетуге мүмкіндік бар. Қолайсыз сценарийдің дамуына жол бермеу керек, - дейді Макс Боқаев.

Өтініш 2015 жылғы 19 тамызда e-gov электронды үкімет порталы арқылы тіркелді. Митингті 2015 жылғы 20 қыркүйекте Исатай мен Махамбет, Дина Нұрпейісова немесе Құрманғазы атындағы қаладағы үш алаңдардың біріне өткізу ұсынылған.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

20 тамыз 2015, 17:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.