ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті 2015 жылғы қаңтар-шілдедегі Қазақстан Республикасының демографиялық ахуалы туралы статистиканы жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі.
Комитеттің өкілдерінің мәліметінше, көші-қон полициясы органдары ұсынған келу/кетуді статистикалық есепке алу талондарындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2015 жылғы қаңтар-шілдеде елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны (көшіп-қонушылар) 2014 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 0,2 пайызға артып, 9 689 адамды құрады. Ал елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 7,4 пайызға көбейіп, 15 615 адамды құрады, көші-қонның айырымы - 5 926 адам болды.
Сонымен қатар, ведомство өкілдерінің мәліметінше, еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жасалып жатыр екен. "ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі, тиісінше, 86,4 пайыз және 90,1 пайызды құрады. Қарастырылып отырған кезеңде 2014 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда ел ішінде көшіп-қонушылар саны 27,1 пайызға көбейіп, 265 679 адамды құрады. Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 44,5 пайызы тиесілі. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы Алматы (25 229 адам), Астана (437 адам) қалаларында және Ақмола (1 694 адам), Қостанай (650 адам), Маңғыстау (595 адам), Атырау (21 адам) облыстарында қалыптасты", - делінген статистикада.
Мұнымен қатар, Статистика комитетінің ақпаратына сәйкес, 2015 жылғы 1 тамыз жағдайында еліміздегі халық саны 17 563,3 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар - 9 983,2 мың (56,8 пайыз), ауылдықтар - 7 580,1 мың адамды (43,2 пайыз) құрады. 2015 жылғы қаңтар-шілдеде халық саны жалпы ел бойынша 145,6 мың адамға немесе 0,8 пайызға өсті, 2014 жылғы 1 тамызбен салыстырғанда халық саны 254,6 мың адамға немесе 1,47 пайызға өсті.
"АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2015 жылы қаңтар-шілдеде туылғандар саны 231,5 (231,4) мың адамды құрады. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 22,72 (23,04) туылғандарды құрады. Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 80,0 (78,6) мың адамды құрады, бұл 2014 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 1,8 пайызға көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,85 (7,83) қайтыс болғандарды құрады", - делінген келтірілген құжатта.
Сонымен бірге, 2015 жылдың қаңтар-шілдеде республика халқының табиғи өсімінің 2014 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 1,2 адамға немесе 0,8 пайызға азайып, 151,6 (152,8) мың адамды құрағаны айтылады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,87 (15,21) адамды құрапты.
Осы кезеңде республикада 1 жасқа дейінгі қайтыс болған нәресте саны 2 263 (2 411) адамды құрап, 2014 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,1 пайызға азайғаны айтылады. Осы кезеңде нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 2014 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 10,42 промилледен 9,77 промиллеге дейін төмендеді.
Дереккөз: tengrinews.kz