Атырау, 19 мамыр 20:32
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Елбасының Душанбеге сапары барысында алты құжатқа қол қойылды

1 861 просмотра

Image 0Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Душанбеге сапары барысында алты құжатқа қол қойылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Дшанбеге сапары барысында алты құжатқа қол қойылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Назарбаев Душанбеде ресми сапармен жүр.

Келіссөздер қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды: Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы стратегиялық серіктестік туралы шарт; ҚР Үкіметі мен ТР Үкіметі арасындағы ақпаратты техникалық қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім; ҚР СІМ және ТР СІМ арасындағы ынтымақтастық бағдарлама.

Сондай-ақ, ҚР Үкіметі мен ТР Үкіметі арасындағы еңбек қызметі және еңбек мигранттарының, екі елдің аумағында уақытша жұмыс істейтін ҚР және ТР азаматтарының құқықтарын қорғау туралы 2006 жылғы 4 мамырдағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойылды.

Сонымен қатар, ҚР Үкіметі мен ТР Үкіметі арасындағы білім саласындағы 2000 жылғы 13 маусымдағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ТР Үкіметі жанындағы жастар ісі, спорт және туризм комитеті арасындағы келісім жасалды.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

14 қыркүйек 2015, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.