KASE қор биржасының 14 қыркүйек күнгі таңғы сессиясында доллар бағамы 273,55 теңгеге дейін өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі биржа мәліметтеріне сілтеме жасап. Шетел валютасы кезекті рекордын жаңартып отыр. Бұған дейінгі рекорд 11 қыркүйектің кешкі сессияда жаңарған еді. Сол уақытта бір доллар 264,2 теңгеге бағаланған еді.
Айта кетейік, 10 қыркүйек күнгі KASE кешкі сессиясында доллар бағамы 255,38 теңгеге дейін өскен болатын. Келісімнің жалпы көлемі 15,9 миллион доллар болды. Саудаға валюта нарығының 14 мүшесі қатысты. Ал 11 қыркүйектегі KASE күндізгі сессиясында доллар 258,48 теңгеге жеткен еді.
Еске сала кетейік, бұған дейін доллар бағамына түсінік берген Ұлттық банктің өкілдері банктің валюта нарығындағы жағдайға араласпағанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, шетел валютасы үшін ең қолайлы баға 240 теңге шамасында.
Дереккөз: tengrinews.kz