Атырау, 12 қаңтар 12:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

Qazaq Air әуе компаниясы жаңа рейстер ашады

2 448 рет қаралды

Image 0QazaqAir жаңа рейстерін ісек қосады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2015 жылдың 17 қыркүйегінен бастап әуе компаниясы Қостанай мен Алматы арасына жаңа бағыт ашады. Алматы - Қостанай бағытында ұшу 2 сағат 35 минутқа созылады деп жоспарланып отыр. Рейс 78 орындықтан тұратын BombardierQ400 ұшағы арқылы орындалады.

Эконом класпен бір бағытта ұшу құны - 15 496 теңге. Сонымен қатар, жақын арада Қазақстанның батыс бағытында жаңа рейстер ашу жоспарланып отыр: Шымкент - Ақтөбе, Ақтөбе - Атырау, Қостанай - Ақтөбе.

Еске сала кетейік, Qazaq Air әуе компаниясының таныстырылымы 6 шілдеде өтті. Шараға қатысушылар Qazaq Air компаниясының бірінші бортын көрсетті - Bombardier Dash 8 Q400 жаңа заманның екі қозғалтқышты турбовинт ұшағы.

Дереккөз: tengrinews.kz

14 қыркүйек 2015, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.